Абай облысында ер адам өз бақшасын есірткі алқабына айналдырған
Полицейлер ауыл тұрғынынан 4,8 мыңнан астам қарасора бұтасын тәркіледі.
Ағымдағы жылдың 22 маусымында “Қарасора-2023” ЖПІШ өткізу барысында Абай облысы ПД қызметкерлері Бесқарағай ауданында есірткі заттарын заңсыз өсіру фактісін анықтады.
Старая Крепость ауылының шетіне келген полиция қызметкерлері қоршалған алқапты байқап, 39 жастағы бақша иесін табады. Қазіргі уақытта істің барлық жағдайы анықталуда.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.