Абай облысында көлік жүргізуші құқығынан айырылған жүргізуші есірткіге масаң күйінде ұсталды
Ағымдағы жылдың сәуір айының ортасында Аягөз қаласының көшелерінің бірінде «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізу барысында полиция қызметкерлері «ВАЗ -2150» маркалы автокөлікті тоқтатты.
ҚР ІІМ арнайы базалары бойынша тексеру барысында, 44 жастағы жүргізуші 2022 жылдың көктемінде Аягөз аудандық сотының шешіміен 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. Сөйлесу барысында жүргізушінің өзін ұстауы тәртіп сақшыларының күдігін тудырған. Ер адамды көлік құралын басқарудан шеттетіп полицейлер оны медициналық куәландыруға жеткізген. Куәландыру нәтижесі 44 жастағы жүргізушінің «орташа дәрежелі» есірткілік масаңдықты көрсетті.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша «басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Облыс аумағында масаң күйінде көлік жүргізуге отырған жүргізушілер аз емес. Жыл басынан бері облыс полицейлері көлік құралдарының жүргізушілерін мас күйінде басқарудың 189 фактісінің жолын кесті. Барлық жүргізушілер жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады, ең бастысы – олардың салдары өте қайғылы екенін есте сақтау қажет.
Жол қозғалысының әрбір қатысушысы өзінің және басқалардың қауіпсіздігі үшін жауап беретінін естен шығармаңыздар.
Сақтық шаралары жол-көлік оқиғаларының санын айтарлықтай азайтуға септігін тигізеді.
Абай облысы ПД баспасөз қызметі