Абайлаңыздар, жұқа мұз!
Көктемгі жылынудың басталуына байланысты су айдындарында мұз қабатының жұқаруы байқалады. Бұндай кезде мұздың бетіне шығу өте қауіпті. Алайда, жыл сайын көптеген адамдар сақтық шараларын елемей, жұқа мұз үстіне шығады, осылайша өз өмірлеріне қауіп төндіреді.
Анықтама: 2022 жылғы 03 сәуірде Восточный правый кентінде жазатайым оқиға болды. 1998 және 1999 жылы туған 2 қыз бала мұз үстіне суретке түстек болып, мұз астына түсіп кеткен. Құтқарушылар келгенге дейін жақын жерде болған әкелері көмекке асығып, қызын құтқарып қалды. Өкінішке орай, екінші қызды құтқару мүмкін болмады.
Семей қ. ТЖБ қызметкерлері Семей қ. ЖҚБ құтқарушылары мен жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, күн сайын мұз астында жаппай балық аулау орындары бойынша су айдындарындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері бойынша жадынамалар табыстаумен рейдтік іс-шаралар өткізді. Қазіргі уақытта 306 рейд жүргізіліп, 5 204 үгіт-насихат материалдары таратылды.
Семей қ. ТЖ басқармасы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала тұрғындары мен қонақтарына жұқа мұз үстіне шықпауға, балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады.
Мұздағы сақтық шаралары мен жүріс-тұрыс ережелерін еске саламыз:
– мұзға шықпаңыз, мұздың беріктігін аяғыңызбен тексермеңіз. Сақ болыңыз және кез-келген уақытта қауіпке дайын болыңыз;
– қардың астында жылымдар, жарықтар немесе тесіктер болуы мүмкін;
– мұздың бір учаскесінде топпен жиналмаңыз, мұздағы ойықтар мен жылымдарға жақындамаңыз;
– шана, шаңғы т.б. құрылғыларда жағадан жұқа, әлі қатпаған мұзға сырғанамандар;
– Назар аударыңыз! Егер сіздің аяқ астыңызда мұз жарылып, жарықтар пайда болса, қорықпаңыз және қауіптен қашпаңыз. Мұзға тегіс жатып, қауіпсіз жерге оралыңыз!
Сақ болыңыздар! Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!
ШҚО ТЖД Семей ТЖБ