Алаяқ ер адамның атына оның сауалнамалық деректері арқылы несие рәсімдеген
Несиенің жалпы сомасы 192 000 теңгені құрады.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында Өскемен қ. ПБ Сол жағалау ПБ 102 жедел арнасына қаланың 52 жастағы тұрғыны алаяқтық фактісі туралы айтып, жүгінді деп ШҚО ПБ хабарлайды.
15 Тамызда белгісіз адам интернет арқылы оның сауалнамалық деректерін ұсынып, мобильді қосымша 192 000 теңге сомасына онлайн несие рәсімдеді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері ізін суытпай 34 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғынды анықтады, ол жауап алу барысында барлығын мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190 бабы 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.