Алаяқтар айлаларын асыруда такси қызметін пайдалана бастаған

0

TAXI in Ljubljana, Slovenia

Абай облысында алаяқтықтың жаңа түрі тіркелді.

«Апару», «Яндекс» және «Индрайвер» сияқты жолаушылар тасымалының мобильді қосымшаларының көмегімен, адамдарды құрыққа түсіріп, мемлекеттік мекемелерге тапсырыс беріп, жолда дүкенге тауар сатып алуды және теңгерімді толтыруды өтініп, мекенжайға келген соң есептесемін деп уәде береді. Алайда, қаражат абоненттік нөмірдің теңгеріміне түскен соң, алаяқ байланысқа шығуды тоқтатады.
Семей қаласында өткен аптада алаяқтықтың осы түрінің 2 фактісі тіркелді, жалпы залал сомасы 35 500 теңгені құрады.
Облыс орталығының 37 жастағы тұрғынына «Апару» таксиінің мобильдік қосымшасы арқылы өтінім келіп түскен, «клиент» тасымалдаушыға хабарласып, абонеттік нөмірін 18 000 теңге сомасына толтыруды сұрап, ақшалай қаражатты тапсырыс орындалғаннан кейін төлеймін деп уәде берген. Алайда, жәбірленуші тапсырыс берушінің өтінішін орындап қаражат шотқа түскен соң, телефонын сөндіріп тастаған.
«Антифрауд» ЖПІШ өткізу барысында Семей қ. ПБ Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері осы қылмысты жасаған облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын анықтап, қолға түсірді.
Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Екінші факт бойынша қаскөйді анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.
Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *