Балалардың абайсыздығынан үй өртенді
Балалар тентектігінен үй зардап шекті.
5 қыркүйекте Кирпичный тұйығындағы үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер шақырту орнына келгенде шатырдың ағаш құрылымдары, қоршау, шаруашылық құрылыс жалпы ауданы 101 ш.м. өртенді. Өрт сөндірушілермен сыйымдылығы 27 литр болатын 2 газ баллоны табылып, шығарылды.
Өрттің алдын ала себебі: балалардың отпен абайсыз қолдану.
Отты абайсыз қолдану өрттің пайда болуының ең көп тараған себебі болып табылады.
Семей қаласының ТЖ басқармасы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігін еске салады. Өрт қауіпсіздігі шараларын елемеу өте қауіпті.
Семей қ. ТЖБ