Балаларының түнгі серуені үшін 230 дан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

0

Абай облысының полицейлері ағымдағы жылдың 17-19 шілдесі аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Аталған іс-шара жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу.
Жедел-алдын алу іс-шарасының өткізілуі барысында ювеналды полиция қызметкерлерімен кәмелетке толмағандар жасаған 250 астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 23 заңды өкілі жауапқа тартылды. 3 кәмелетке толмаған «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына» орналастырылды. 3 жасөспірім және 12 қолайсыз отбасы анықталып, олар дереу ішкі істер органдарына есепке алынды. Рейдтік іс-шаралар барысында түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ата-анасының еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуының 231 фактісі анықталды.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға және жасөспірімдер қылмысының жолын кесуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру тұрақты негізде жүргізіледі.

Абай облысы ПБ баспасөз қызметі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *