“Бір қабатты Шығыс” – өз баспананды алуға қадам

0

Жеке тұрғын үй құрылысы белсенді дамуда және қазірдің өзінде көп қабатты құрылыстың қолжетімді баламасы болып табылады. ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде “Бір қабатты Шығыс” бағдарламасына, оның нәтижелері мен азаматтардың өтінімдерді рәсімдеудің қыр-сырына арналған баспасөз конференциясы өтті. 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Диана Шаяхметова “Бір қабатты Шығыс” бағдарламасы дамуын жалғастырып жатқанын және сатып алушылар сатып алған жерді белсенді пайдаланатынын хабарлады. 

– Комсомольский кентінде көп балалы отбасыларға 10 жалға берілетін үй берілді. Әрқайсысында 10 сотық жері бар 116 шаршы метрлік үйлер. Адамдар жерді пайдаланады – біреу биыл бақша отырғызса, тағы бірі жылыжай ұйымдастырды. Үйлерді сату “Отбасы банк” арқылы жүзеге асырылуда. Мемлекет бүгінде Тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетіндер үшін бастапқы жарна ретінде 1 млн теңге көлемінде тұрғын үй сертификаттарын ұсынады, – деп атап өтті Диана Шаяхметова.

Диана Шаяхметова сондай-ақ медицина және білім беру қызметкерлеріне ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. Қарулы күштер де назардан тыс қалған жоқ.

– Қазан айының басында мемлекеттік қызметкерлер тізімінде тұрған 5296 адамның ішінен 2460 дәрігер, педагог, әскери қызметші таңдалды, олар келесі жылы Комсомольский кентінде ЖТҚ үшін учаске алып, 1 млн теңгеге тұрғын үй сертификатын алуға мүмкіндігі бар, – деп қосты Шаяхметова

“Отбасы Банкі” Семей филиалының директоры Равиль Сәбитов бірнеше бағдарлама бар екенін және әрбір тілек білдіруші өзіне лайықтысын таңдай алатынын атап өтті.

– Семейде “бір қабатты Шығыс” бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 25 пәтер салынды. Олардың барлығы пайдалануға берілді. 19 пәтер салымшылармен брондалған, біздің банк клиенттерді шектемейді. Үйдің жобасында екі қонақ бөлмесі мен ас үй, керамикалық плиткамен безендірілген ванна бөлмесі және екі қазандығы бар қазандық бөлмесі бар – негізгі және резервтік. ЖТҚ бүгінде салынып жатқан көп пәтерлі үйлерге толық балама болып табылады. “Шаңырақ” аясында 19 пәтерден 12 пәтер, “Бақытты отбасы” – 1 пәтер броньдалған. Барлық бағдарламалар көптеген жағынан ерекшеленеді, олар көптеген отбасы санаттарына арналған. Кеше бірінші адам “Әскери баспана” бағдарламасы бойынша ЖТҚ-да мақұлдау алды. Алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді, – деп атап өтті Равиль Сәбитов.

Равиль Сәбитов сондай-ақ тұрғын үйге өтінімді ресімдеу орта есеппен бір аптаға жуық уақытты алатынын айтты.

– Өтінімді ресімдеуге кететін уақыт құжаттарды дайындау сапасына байланысты. Орташа алғанда, бұл процесс шамамен бір аптаға созылады. Пандемияға байланысты шектеу шаралары, тұтастай алғанда, өтініш беруге теріс әсер еткен жоқ. Біз жедел түрде қызмет көрсетудің цифрлық форматына көштік, мысалы, видеобанкинг қызметтерін ұсынамыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *