Галето көшесіндегі аулаларды абаттандыру жұмыстары қалай жүргізілуде
Қала әкімі Бақытжан Байахметов №40, 42 және 44 үйлердің аулаларындағы жұмыс барысын тексерді. Аулалар ұзақ уақыттан бері абаттандыруды қажет етуде – аулаларды шөп басып, ағаштар шіріп кеткен, жаңбырдан кейін аулада үлкен шалшықтар мен лай батпақтар пайда болады.
Бақытжан Байахметов мердігер компанияның басшысы Нұртөлеу Досымхановпен кездесті. Оның айтуынша, жұмыс басталғаннан бері бұл жерден 60-қа жуық көлік түрлі қоқыспен шығарылды.
Аулаларда жиектас орнатылып, тас төсеуіш төселген. Құрылысшылардың жеке бригадасы балалар мен спорт алаңдарының негізін бетонмен толтыруда. Қарттар үшін үстелдер мен орындықтары бар жабық шатырлар орнатылады. Сондай-ақ киім мен кілемдерді кептіруге арналған алаңдар қарастырылған.
Аулаларды абаттандырудың қорытындылаушы сәттері – ағаш отырғызу және жарықтандыру. Мұнда 20 шырша, шетен және терек көшеттері отырғызылады.
Қала басшысы жұмыс барысын жылдамдатуды тапсырды. 10 маманнан құралған қосымша бригаданы тарту туралы шешім қабылданды. Ауа-райы жағдайына байланысты жұмыстардың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қараша айның соңы.
Қала әкімі сонымен қатар тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Ол келесі жылы Галето көшесін Карменов көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін орташа жөндеу жоспарланғанын хабарлады. Келесі жазда бұл жаңа асфальт төселген заманауи жарықтандырылған кең көше болады.