“Халық заңгері” кең ауқымды жалпыұлттық акциясы 26 мамырда бір мезгілде Қазақстанның барлық ірі қалаларында өтеді
“Халық заңгері” кең ауқымды жалпыұлттық акциясы 26 мамырда бір мезгілде Қазақстанның барлық ірі қалаларында өтеді.
Құқықтың барлық салаларының жетекші сарапшылары ұсынатын тегін кеңестер. Кез келген адам өз сұрағын қоя алады.
Заңгерлер кеңес береді, ал мемлекеттік органдар азаматтарды қабылдайды. Азаматтарды қабылдау уақытпен шектелмейді, ол соңғы келушіге дейін жүргізіледі.
Акцияға үздік, жоғары кәсіби заңгерлер, оның ішінде: тәжірибелі, беделді адвокаттар, нотариустар, прокурорлар қатысады. Сондай-ақ тергеушілерге, сот орындаушыларына, полицейлерге, кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі қызметкерлерге, әділет, көші-қон полициясы, банк омбудсменіне әркім өз проблемасымен жүгіне алады. Қабылдауды жауапты басшылық лауазымдарды атқаратын ҮЕҰ және мемлекеттік органдардың өкілдері жүргізеді.
Семей қаласында акция
2023 жылғы 26 мамыр, сағат 17:00-де Абай көшесі, 86 мекенжайында орналасқан Абай атындағы кітапхана ғимаратында басталады