Куәлікті уақтылы ауыстырмағаны үшін азаматтарға айыппұл төлеуге тура келеді

0

Абай облысының тұрғындары көбінесе құжаттың мерзімі аяқталғаннан кейін ХҚКО-ға жүгінеді. Алайда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты мекенжайына тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз бір айдан астам уақыт жүруі 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Жеке куәлікті тіркелген жеріне қарамастан кез келген ХҚКО арқылы ескі құжатты көрсетіп, 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік бажды төлей отырып ауыстыру қажет. Жаңа құжат 15 жұмыс күні ішінде дайын болады.

Сондай-ақ, жеке куәлік қазақстандықтарға 16 жастан бастап берілетінін атап өтеміз. Алғашқы құжатты алу үшін жасөспірім ХҚКО-ға ата-анасымен немесе қамқоршыларымен бірге жүгінуі керек. Тіркеу кезінде өзімен туу туралы куәлігі, төлқұжаты (бар болса) және мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек болуы керек.

Естеріңізге сала кетейік, неке қиюға/бұзуға байланысты немесе басқа себептермен тегін немесе атын өзгерткен азаматтар да жеке куәлікті уақтылы ауыстырулары керек.

Айта кетейік, жеке басын куәландыратын құжаттарды беру мемлекеттік қызметі ХҚКО-ларда қызмет көрсететін көші-қон полициясының қызметкерлері арқылы рәсімделеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *