Оқыту мен жұмысқа орналастыруда көмек – 9 айда не жасалды

0

Осы жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 98 млн. теңге бөлініп, 363 адам осы мүмкіндікті пайдаланып үлгерді. 

ШҚО АКҚ баспасөз конференциясында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мұрат Күржікаев тоғыз оқу орны осы бағдарламаға мамандарды оқыту арқылы қатысатынын хабарлады.

– Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жоспардан 370 адамнан 363 адам жолданды. Қалғандары жыл соңына дейін қамтылады. Ауылдық жерлерде 49 адам қамтылды. Оқыту тоғыз оқу орнында 16 мамандық бойынша жүргізіледі. Бүгінгі таңда біз нарықта сұранысқа ие мамандықтарға ғана оқытамыз. Жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 138 адамды құрайды. 2021 жылы қысқа мерзімді оқуға 98 млн теңге бөлінді, – деп атап өтті Мұрат Күржікаев.

Сондай-ақ, Күржікаев қалада еңбек нарығын дамытуға биыл жарты миллиардтан астам теңге бөлінгенін айтты.

– 2021 жылы еңбек нарығын дамытуға 540 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 3646 адам жұмысқа орналастырылды. Жастар тәжірибесіне оқу орындарының 356 түлегі жіберілді. 2020 жылы бұл сан 280 адамды құрады. Қоғамдық жұмыстарға 900 адам жіберілді. Биыл қоғамдық жұмыстар бойынша жалақы 60 мың теңгеге дейін өсті, – деді Мұрат Күржікаев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *