Ойшіліктің оқушылары сахнада оқып жүр

0

ОЙШІЛІКТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ САБАҚТЫ САХНАДА ОҚЫП ЖҮР

Абай облысы, Ақсуат ауданына қарасты Ойшілік ауылындағы Тоғас батыр атындағы орта мектептің оқушылар қыс қаһарына мінгенде көрші Құмкөл ауылына барып оқуға мәжбүр болып жүр. Себеп – өз ауылдарындағы мектептің жөндеу жұмыстары толық аяқталып бітпеген. Бұл, әрине, балалары осы жерден білім алуын қалаған ата- аналарға қиын тиіп отыр.

Бұл мектепте жалпы саны 334 бала оқиды. Құмкөл ауылына арнайы автобус бөлінгенімен, қыстың көзі қырауда апарып қайту өз алдына, сапалы білім алуы үшін сабағын қадағалап отырудың өзі оңайға түспейді. Осы орайда Ойшілік аулының ата-аналарының атынан сөз алған Арайлым Нұрғалиеваның жанайқайы орынды.

– Мен көп балалы анамын. Бесінші перзентіме аяғым ауыр. Мектеп жасындағы үш баламның бірі балабақшада, екеуі ауылдың клуб үйінде сабақ оқыпп жүр. Иә, сыныптастарымен бірге кәдімгідей сахннада отырып сабақ алады. Ортасы ағаш материалмен бөлінген. Елестетіңіз, ар жағында басқа сыныптың балалары оқып жатыр. Ол сыныптың мұғалімінің дауысы оларға естіліп тұрады. Ал осыдан қандай білім сапасы болады айтыңызшы?! Тоғас батыр атындағы мектептің жөндеуі аяқталмағандықтан, екінші сыныптан алтыншы сыныпқа дейінгі оқушылар осылай саханада оқиды. Ал, біріннші сынып оқушылары мектепке дейінгі даярлық сыныбымен бірге балабақшада отырады. Жоғары сынып оқушылары бес шақырым жердегі Құмкөл ауылына таңертең 7 де шығатын автобуспен барып, күнделікті қатынап оқиды. Ал, осы жаңа ғасырға, жаңа Қазақстанға қадам басқан жаңа облыстағы жағдай дегенге сенбейтін шығарсыз. Бірақ, шындығы осы,-дейді А. Нұрғалиева.

Арайлымның айтуынша, ойшіліктік оқушылардың жоқтанн бар жасалған білім ошағының бір бұрышында буфетсымақ та барк өрінеді. Алайда, санитарлық талапқа сай еместігін жасырудың да қажеті жоқ. Кейбір ата-аналар талапқа сай келмейтін жерде оқып жүрген балаларының денсаулығы сыр берре қалса алаңдап бітеді.  Ал, табалдырығынан аттап, ел қатарлы оқуды армандаған мектептің ішінде жөндеу жұмыстарының аяқталмағаны өз алдына, тартылған жылу көзінің трубалары жарылып, іске жарауы қиындап қалғаны жығылған үстіне жұдырық болып тұр.

Осы тұрғыда Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары Ахмет Аққазинге хабарласқан едік.

– Қазір ол мектепте жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қаражаты Абай облыстық білім басқармасы арқылы осы қараша айында шешілді. Мектептерді қаржыландыру бұрынғыдай аудандық әкімдік арқылы емес, тікелей білім басқармасы арқылы жүзеге асады,-дейді А. Аққазин.

Сәтжан Қасымжанұлы 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *