Пәтер алуға көмектесемін: алаяқ 39 жастағы ауыл тұрғынын алдап, ақшасын қалтасына басқан
Пәтер алуға көмектесемін: алаяқ 39 жастағы ауыл тұрғынын алдап, ақшасын қалтасына басқан
Ағымдағы жылдың мамыр айының соңында Үржар ауданының 39 жастағы тұрғыны Семей қ. Орталық ПБ-ға алаяқтың құрбаны болғанын хабарлап көмекке жүгінген.
Қолайлы бағамен пәтер сатып алуды жоспарлаған жәбірленуші, делдал ретінде көмек көрсетуге уәде берген танысына жүгінген. Өзіне деген сенімге ие болған ол, әйелден 1 419 300 теңге қаражатты алып, байланысқа шығуды тоқтатқан.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел уәкілдер 32 жастағы ер адамды ұстады. Жауап алу барысында ер адам өз кінәсін мойындаған.
Осы факті бойынша ҚР ҚК- нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы- «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Абай облысы ПД баспасөз қызметі