Семей қ. ТЖБ ауа райының нашарлауы туралы ескертеді

0

Семей қ. ТЖБ ауа райының нашарлауы туралы ескертеді!

 Қүздің соңы мен қыстың басы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін ең қиын және қауіпті кезең. Бұл ауа – райының тұрақсыз уақыты – қар, жаңбыр жауыды, бәрі ериді содан кейін қатып қалады. Осыдан екі негізгі қауіп пайда болады – көктайғақ және мұзтайғақ.

Көктайғақ– бұл тайғақ бетті қалыптастыратын қатты күйге дейін тығыздалған мұз немесе қар қабаты.

Мұзтайғақ – бұл жер бетіндегі мұздың жұқа қабаты, ол жылудан немесе жаңбырдан кейін салқындау нәтижесінде пайда болады, сонымен қатар ылғалды қар мен жаңбыр тамшылары қатқан кезде.

Көктайғақтың салдарынан жаяу жүргіншілердің де, автокөлік жүргізушілерінің де жарақат алу қаупі артады, сондықтан жолдағы түрлі жарақаттардан қорғану үшін қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау керек. Егер ауа-райы болжамында көктайғақ туралы хабарлама берілсе, жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қолданыңыз. Мұндай күндері жүгірмеу, асықпау маңызды. Сырғымайтын аяқ киімді дайындаңыз, биік өкшелі аяқ киім киюден аулақ болыңыз. Мұз кезінде барлық табанға қадам басып, асықпай абайлап жүріңіз. Бұл жағдайда аяқтар сәл босаңсып, қолдар бос болуы керек. Жолдың жүру бөлігін кесіп өту кезінде аса мұқият, сақ болыңыз. Қарт адамдарға резеңке ұшы бар таяқшаны немесе ұштары бар арнайы таяқшаны қолдану ұсынылады. Егер Сіз тайып кетсеңіз, құлау биіктігін төмендету үшін отырыңыз. Жерге құлаған кезде, соққыны жұмсарту үшін топтасуға тырысыңыз.

Маңызды! Егер құлағаннан кейін сіз буындардағы ауырсынуды, бас айналуды, жарақаттанған аяқ-қолдардағы өткір ауырсынуды сезсеңіз, дәрігермен кеңесуіңіз керек!

Автокөлік иелері үшін қысқы уақыт ең қиын. Көктайғақ немесе қар құрсауы салдарынан түрлі дәрежедегі ЖКО саны өсуде. Сондықтан қарапайым сақтық шаралары өте маңызды, бұл сізге апатқа ұшырамауға және қыста тыныш жүруге көмектеседі. Біріншіден автомобильшілерге қысқы шиналар орнату керек. Қозғалыс кезінде қауіпсіз жылдамдықты таңдаңыз, ағындар арасындағы қашықтық пен бүйірлік аралықты қадағалаңыз, мұзға байланысты тежеу қашықтығы бірнеше есе артатынын ескеру қажет. Сондай-ақ, кездейсоқ маневр мен кенеттен тежелуден аулақ болу керек.

Семей қ. ТЖБ Семей өңірінің тұрғындары мен қонақтарына дауылды ескертулер, автомобиль жолдарының жабылуы туралы және ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептерде сабақтардың болмауы туралы уақтылы хабардар етуге мүмкіндік беретін Darmen тегін қосымшасын ұсынады.

“Darmen” мобильді қосымшасын “Play market” және “App store” – дан жүктеуге болады. Жүктеп алғаннан кейін сіз өзіңіздің жеке аймағыңызды таңдауыңыз керек және жедел ақпарат туралы жедел хабарлама push-хабарламалар арқылы жеткізіледі.

Дауыл туралы ескерту хабарламаларын елемеңіз, сақтық шараларын сақтаңыз және ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз!

Семей қ. ТЖБ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *