Семей қ. ТЖБ-да БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті

0

2022 жылғы 28 қаңтарда Семей қ. ТЖ басқармасының Дағдарыс орталығында 2021-2022 қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың туындау қаупінің алдын алу мақсатында “2021-2022 ж. ж. қысқы кезеңде су айдындарында және мұз асты балық аулауда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өткізілген іс-шаралар туралы”, “Қолайсыз ауа райы жағдайларында жолдарды жабу туралы, білім беру объектілерінде сабақтарды тоқтату, жылыту және хабарлау пункттерінің жай-күйі мен дайындығы туралы” тақырыптары аясында БАҚ өкілдерінің, «Семей қ. Білім бөлімі» ММ, Семей қ. ПБ, «Қызыл Жарты Ай» қоғамы, «Максал»  ЖШС, «Семей» қонақ үй кешені ЖШС, «Тополек» ш/қ өкілдерімен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында қыс мезгілінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Семей қ.ТЖБ өткізетін іс-шаралар, ТЖ қаупі туындаған жағдайда іс-шараларды орындау үшін күштер мен құралдарды дайындау талқыланды.

ШҚО ТЖД “ӨС және АҚЖҚ” ММ Семей қ. жасағының қызметкерлері, Семей қ. ЖҚБ БК-7, ЖПҚ, ЖАО, волонтерлер 09.10.2021 ж. бастап қала Әкімі бекіткен « 2021-2022 жылдарға арналған жаппай және мұз асты балық аулау орындары бойынша профилактикалық рейдтердің кестесіне» сәйкес демалыс және мереке күндері жаппай және мұз асты балық аулау орындары бойынша нұсқаулықтар жүргізіп, су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау туралы жадынамалар тарата отырып, қыс мезгілінде апта сайынғы рейдтер ұйымдастырылған. Мұзда болған кезде жеке құрамның қауіпсіздігі мақсатында рейдтік іс-шаралар құтқару кеудешелерінде жүргізіледі.

 

Семей қ. ТЖБ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *