Семейде ауыз су беру уақытша тоқтатылады

0

БАРЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАР, МЕКЕМЕЛЕР БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!! «Семей Водоканал» МКК Сіздерді су құбыры желілерін мен құрылымдарын бір мезгілді залалсыздандыруға байланысты 2022 жылдың мамырдың 26-де кешкі 20.00-ден бастап мамырдың 27-де таңғы 6.00-ға дейін қаланың ОҢ ЖАҒАЛАУ және СОЛ ЖАҒАЛАУ бөлігінде ауыз су беру уақытша тоқтатылатындығын ескертеді.

Көрсетілген мерзім ішінде, құбырларда су болған жағдайда, суды пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Қала тұрғындары, кәсіпорындар мен мекемелер басшылығынан өтініш өрт сөндіру мен толық жұмыс жасауға барлық жағдайды жасап, тәуліктік су қорын дайындап алуларыңызды сұраймыз.

«Семей Водоканал» МКК әкімшілігі келтірілген қолайсыздықтар үшін  кешірім сұрайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *