Семейде есірткі заттарын заңсыз сақтаумен айналысқан 37 жастағы тұрғын ұсталды

0

Наурыз айының ортасында жедел іс-шараларды өткізу барысында Семей қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен Семей қаласының 37 жастағы тұрғынын анықтады.
Жеке тінту жүргізу барысында қапшықтан қара қоңыр түсті сұйық заты бар шприц табылып, тәркіленді.
Химиялық-токсикологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес медициналық шприцте алынған сұйықтық есірткі – экстракциялық апиынның ерітіндісі болып табылады. 8,0 мл сұйықтықтағы экстракциялық апиынның құрғақ қалдығының салмағы-0,0768 грамм.
Күдікті кінәсін мойындады. Сондай-ақ, шприцті өзіне пайдалану үшін алғанын айтты.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК – нің 296-бабы 2-бөлігі – Өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *