Семейде “Газель” жарыла жаздады

0

Семей қаласында жол апаты салдарынан “Газель” жарыла жаздады.

29 қыркүйекте сағат 15-51-де құтқару қызметіне Глинки-Докучаев көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы салдарынан газ баллон жабдығымен жабдықталған Газельде газ шығып кеткені туралы қоңырау түсті. Құтқарушылардың уақытылы көмегінің арқасында жарылыс апатының алдын алуға мүмкіндік туды.

Оқиға орнына келген құтқарушылар автокөліктен газ баллонын алып, ондағы крандарды жауып тастады.

Есіңізде болсын! Газбаллон жабдығын орнату кезінде газбаллон жабдығын дұрыс пайдалану және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты сақтау қажет.

Семей қ. ТЖБ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *