Семейде мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер ұсынған алаяқ ұсталды
Полицияға арыз келіп түсті, жалпы алғанда 4 адам алаяқтың құрбаны болды.
Қалалық ПБ айтуынша, 26 қазанда Семей қ. ПБ Орталық ПБ 102 жедел каналына 57 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Оның айтуынша, 2021 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында оның танысы ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесуге уәде берген. Жәбірленушіге ұсыныс ұнап ол қаскүнемге 1 000 000 теңгені берген.
Дәл сол күні Семей қаласының 38 жастағы тұрғынынан осыған ұқсас қылмыс бойынша арыз түсті.
Полицейлер қазан айының ортасында қаскүнем алдау жолымен, сеніміне кіріп, автокөлікті кепілден сатып алу сылтауымен оның ақшасын иемденгенін анықтады. Келтірілген залал 500 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Бұл 51 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны болып шықты, ол ұрланған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, қылмыс жасағанын мойындады.
Полиция қызметкерлері қаскүнемді ұстағаннан кейін, алаяқтың тағы 2 құрбаны полицияға жүгінді.
27 қазанда Семей қ.ПБ Орталық ПБ 64 жастағы зейнеткер күдіктінің мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмек көрсету сылтауымен оның 90 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын иемденгенін айтып, жүгінді.
Алаяқтың төртінші құрбаны 32 жастағы қала тұрғыны болды, онда ұсталған азаматша пысықталған схема бойынша 216 000 теңге сомасында ақша қаражатын иемденген.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі – алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.