Семейде қысқа тұйықталу салдары өртке алып келді

0

Қысқа тұйықталу өртке әкелді.

17 қыркүйекте Би Боранбай көшесінде монша өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар келген кезде 2-ші қабатта қатты түтін болды, толық барлау жүргізді, өрт ошағына дейін жетті. Ас үй бөлмесінде тоңазытқыштың қысқа тұйықталуы орын алды, жалын қабырғаның пластикалық әрлеуіне, есікке жайылып 8 ш.м. аумақты шарпыды.
Семей қ. ТЖБ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін, өртке алып келуі мүмкін ақауларды уақытында жою керек екендігін ескертеді. Ғимараттарда жарамды автоматты өрт дабылы, алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *