Семейде жарылыс жұмыстары жүргізілді
Семейде жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Ертіс өзеніндегі мұз, қалың жерлерде мұз кептелісі мен көктемгі су тасқынының алдын алу үшін жарылады. Сондай-ақ, зарядтар өзен тарылып немесе арнаны күрт өзгертетін жерге қойылады.
Осы мақсатта 2022 жылдың 5 наурызында Ертіс өзенінің Мирный кенті ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында мұзды жару бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Жарылыс жұмыстарын “Kaz Explo Service” ЖШС қызметкерлері жүргізді, олар мұзда 1 метр тереңдікке дейін 350 дана мөлшерінде дайындалған тесіктерге салынған зарядтарды пайдаланды. Осы учаскедегі қауіпсіздікті Семей қ.ТЖБ және ПБ қызметкерлері қамтамасыз етті.
Семей қ. ТЖБ