Семейде жылқы құтқарылды

0

2021 жылғы 13 қыркүйекте 13 сағат 59 минутта Семей қаласында Мурат с/а шұңқырға жылқы құлап кеткені туралы ақпарат келіп түсті.

Жануарға көмек көрсету үшін оқиға орнына 2-МӨСБ қызметкерлері жедел келді. Құтқарушылар аттың денесін байлап, манипулятордың көмегімен қауіпті аймақтан алып шықты.

 Семей қ. ТЖБ төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлауды ескертеді. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *