ШҚО-да балаларды вакциналау қалай жүргізіледі
Дәрігерлер атап өткендей, вакцинация ерікті, сондықтан ешкім бұл процедурадан өтуге мәжбүрлей алмайды. Балаға вакцина алу үшін ата-аналардың ақпараттандырылған келісімі қажет.
ШҚО АКҚ брифингінде облыста 2 мыңға жуық ата-ана балалар мен жасөспірімдерді вакцинациялауға келісім бергенін хабарлады.
– Облыста 2000 ата-ана балаларды вакцинациялауға келісім берді. Облыс бойынша 114 мың бала бар. Жоспар бойынша 12-18 жас аралығындағы 81 800 баланы вакцинациялау қажет. Бұл жұмысты жоспарлы түрде жүргізетін боламыз және балаларды тек ата-аналардың ақпараттандырылған келісімімен ғана вакцинациялаймыз. Егер артық вакцина қалса, біз оны басқа облыстарға өткіземіз, – деп атап өтті ШҚО ДСБ бас маманы Елмира Рахимбаева.
Сондай-ақ, дәрігерлер балаларға арналған медициналық қарсы көрсетілім процедурасы бар екенін айтты.
– Вакцинация ерікті болып табылады. Егер ата-аналар ойларын өзгертіп, әлі де иммундауға келісуді шешсе, оларға ақпараттандырылған келісім беру жеткілікті. Балаға медициналық қарсы көрсетілім процедурасы да қарастырылған – егер балада аллергиялық аурудың өршуі болса, оны учаскелік дәрігер шеше алады, – дейді дәрігерлер.
Егер бала инъекциядан қорқатын болса, психологтар онымен жұмыс істейді. Мамандар баланың денсаулығын да тексереді.
– Психологтар вакцинациядан бұрын балалармен жұмыс істейді, өйткені бала инъекциядан қорқуы мүмкін. Бұл үшін ата-аналар да рәсімге қатыса алады, мұнда ешқандай тыйым жоқ, – деп атап өтті Елмира Рахимбаева.
Облыс бойынша бүгінгі таңда 14 бала коронавируспен ауырса, оның 6-сы Семейде. Қазір олардың жағдайы орташа ауыр деп саналады. Ауру бала анықталған кезде бүкіл сынып карантинге жіберіледі.