ШҚО-да балықшы суға батып кетті
Ер адам қайыққа құтқару кеудешесін кимей отырған, кейін сол қайықтан құлап кеткен.
Ұлан ауданында балықшылардың сүйікті орны болып табылатын Алебастр су қоймасында 1956 жылы туған ер адам суға батып кетті, деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Белгілі болғандай, ол жолдасымен бірге құтқару кеудешесі жоқ қайыққа отырып балық аулауға барған. Жағадан 200 метрге ұзағаннан кейін, ол абайсызда суға құлап кеткен. Куәгерлер көмектесуге тырысқан, бірақ кеш болды.
ШҚО ТЖД еске салады:
– қайыққа отырмас бұрын оны мұқият қарап, оның жарамдылығы мен беріктігіне көз жеткізу керек, міндетті түрде құтқару құралдары (шеңбер мен кеудеше) болуы тиіс;
– қайықтың тепе-теңдігін бұзбау үшін оған бір-бірден кіріп, еденнің ортасына қадам басып, орындықтарға біркелкі отыру керек;
– қайықтың қозғалысы кезінде орындарды ауыстыруға, қайықтың бортына отыруға болмайды;
Үзілді-кесілді тыйым салынады:
– қайықты шамадан тыс жүктеуге;
– қайықты шайқауға;
– кешкі және түнгі уақытта жүзуге.