Шомылу маусымының қорытындысы шығарылды
03 қыркүйекте әкімдікте Семей қаласы ТЖ Басқармасы әкімнің орынбасары Д.Гариковтың төрағалығымен шомылу маусымының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Семей қ. ПБ, Семей қ. құтқару жасағының, 68303 ә/б, білім, ТКШ, қаржы және экономика бөлімдерінің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында адамдардың қауіпсіздігіне қатысты түрлі мәселелер қозғалды, барлық жүргізілген профилактикалық іс-шаралар, проблемалық мәселелер айтылды және оларды жою бойынша ұсыныстар берілді.
Семей қ. ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Қ. Көпбаев келесі сандарды келтірді: осы жылдың шомылу маусымында қаланың су айдындарында 11 адам қаза тапты, оның үшеуі – кәмелетке толмағандар.
Негізгі мәселе – жабдықталған қалалық жағажайлардың болмауы және азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы. Адамдарды сендіру үшін кең насихат жүргізуге болады, ескерту белгілерін қоюға болады, бірақ адамға оған не істеуге болмайтындығын сендіру – сол адамның өзіне ғана байланысты.
Аталған іс-шараның басты мақсаты проблемалық мәселелерді жеткізу және оларды жою бойынша бірқатар ұсынымдар беру болды.