ТҮКШ-да үй маңындағы аумақтарды абаттандыру ережелері туралы айтылды

0

Мұндай ақпаратты мамандар тұрғындардың ПИК-ке және кондоминиум объектісінің басқа да басқару органдарына, сондай-ақ контейнерлердің маңында тазаланбаған қоқысқа байланысты жиі келіп түсетін шағымдарына орай ұсынды.

“ШҚО Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі” ММ-не кондоминиум объектісін басқару органдары (ПИК, ПКСК, ПТ, ПТСЖ, ось, ПТСК) Семей қаласы бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелерінен үй жанындағы учаскелерде және қоқыс контейнерлерінің жанында қоқыс жинамағаны туралы ауызша өтініштер жиі келіп түсетіндіктен хабарлаймыз:

– Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауды сервистік қызмет субъектісі мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы не көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы не басқарушы компания мен сервистік қызмет субъектісі арасында жасалған бір жылдан аспайтын мерзімге жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.

– Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға: кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану орындарының тиісті санитарлық жай-күйін қамтамасыз ету, кондоминиум объектісінің үй жанындағы аумағының жер учаскесінің тиісті санитарлық жай-күйін қамтамасыз ету (көгалдандыру (жасыл желектер мен көгалдарды отырғызу, күту, кесу), қоқыс құбырын санитарлық тазалау, қазылған шұңқырларды тазалау, аула әжетханаларын жинау және ақтау, жапырақтарды, қар мен мұзды, оның ішінде шатырдан жинау) жатады.

 – ҚР тұрғын үй қорын техникалық пайдалану ережесінің 9.4.1, 9.4.2 т. сәйкес ғимаратқа іргелес аумақ абаттандырылуы, көгалдандырылуы, жасыл желектерді, өтпе жолдарды және тротуарларды суаруға арналған инженерлік-техникалық құрылғылармен жабдықталуы, электр жарығы болуы тиіс.

Ғимаратқа іргелес аумақты күтіп ұстау мыналарды қамтиды:

  • абаттандыру элементтерін (жаяу жүргіншілер жолдарын, өту жолдарын, демалыс орындарын, ойын және шаруашылық алаңдарын және шағын сәулет нысандарын), көгалдандыру (газондарды, гүлзарларды, авариялық жағдайдағы ағаштар мен бұталарды отырғызып және бұзып), ашық су бұрғыштарды, нөсерлік кәрізді жалпы қалалық коллекторға қосу орнына дейін және жапсарлас-жанастыра салынған қоғамдық дәретханаларды техникалық жарамды күйде ұстау;
  • тазарту жөніндегі ұйымдармен шарт бойынша қалдықтарды (қоқыстарды, лас қалдықтарды) шығару және қалдықтарды жою кестесінің орындалуын бақылау
  • аумақты күнделікті санитарлық тазалау және тазарту, оның санитарлық жағдайын жүйелі бақылау;
  • қызмет көрсетілетін аумақта қоқыс жәшіктерін, қатты қалдықтарға арналған жинағыштарды орнату
  • су өткізбейтін жабыны бар қоқыс жинағыш алаңдарды жабдықтау.

Ғимаратқа іргелес аумақты жазғы тазалау мыналарды қамтиды:

  • шаңның пайда болуын және ауаның ылғалдануын азайту үшін аумақты суару, қоқысты жинау.

ҚР Әкімшілік кодексінде ҚР ӘҚ туралы ҚРК 505 бабы бойынша басқару органдары төрағаларының немесе басқарушылардың әкімшілік жауапкершілігі қарастырылған қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қалалар мен елді мекендердің жасыл екпелерін жою және бүлдіру.

ӘҚ туралы ҚРК 505-бабының 1-бөлігі бойынша:

Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Осы баптың ведомстволық бағыныстылығы ішкі істер органдарының (полиция) құзыретіне жатады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *