Тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялауға өтінімдерді 5 сәуірден бастап беруге болады
Оrda.kz тілшісі жазғандай өтінімдерді қабылдау бойынша цифрлық платформа тестілік режимде 15 наурызда жұмыс істей бастайды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне “Бәйтерек “ҰБХ” АҚ-мен бірлесіп, 2022 жылғы 1 мамырға дейін жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінімдер қабылдайтын цифрлық платформаның жұмыс істеуін қамтамасыз ету тапсырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
– Платформа ЭЦҚ көмегімен өтінім беруді және өтінім берушінің талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексеруді көздейді. Тексеру ЦДИАӨМ, ӘМ, МКК, БҒМ, ЕХӘҚМ мемлекеттік деректер базаларымен интеграциялау арқылы жүзеге асырылады, – деді министр.
Тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялауға өтінімдерді 5 сәуірден бастап беруге болады. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалдау төлемдерінің бір бөлігін ғана субсидиялау болжанады:
- I және II топтағы мүгедектер;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
- Кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр Ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.
Егер өтініш берушілер мұқтаждардың төрт санатының тізімінде болмаса және/немесе отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысы 36 018 теңгеден асса, төлемнен бас тарта алады.