ШҚО кәсіпкері 140 миллион субсидияны иемденгені үшін айыпталды

0

Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы үлестес кәсіпорындармен жасалған 1 мыңнан астам асыл тұқымды ірі қара мал басын сатып алу туралы жалған шарттар ұсынды.

Қаржы мониторингі агенттігінде 140 миллион теңгеге мемлекеттік субсидия беру фактісінің жолын кесу туралы хабарлады. ШҚО аумақтық департаменті бірнеше үлестес кәсіпорын басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

– ЖШС басшыларының бірі 2019-2020 жылдар аралығында “асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру” мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алуға өтінім берген кезде заңсыз 140 миллион теңгеден астам субсидия алды, – деп жазады ведомствода.

Қазір қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы қамауға алынды. Күдікті үлестес кәсіпорындармен жасалған асыл тұқымды ірі қара малдың 1 мыңнан астам басын сатып алу туралы жалған шарттар ұсынғаны белгілі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *