Жаңасемей ауданының құрамына қандай ауылдар енді

0

Жаңасемей ауданының әкімшілік орталығы Семей қаласының (Жоламан ауданы) аумағында орналасатын болады.
 
Ауданға 12 ауылдық округ (Абыралы, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Алғабас, Ертіс, Новобаженово, Озерка, Приречный, Жиенәлі, Достық, Қараөлең, Көкентау), 30 елді мекен және 2 кент (Шүлбі және Шаған) кіреді.
 
Семей қаласынан Жаңасемей ауданының ауылдарына дейінгі қашықтық 15-тен 90 км-ге дейін (Мұқыр ауылы – 15 км, Приречное ауылы – 23 км, Озерки ауылы – 25 км, Шақаман ауылы – 25 км, Бөкенші ауылы – 45 км, Шүлбі ауылы – 58 км, Көкентау ауылы-60 км, Шаған к. – 70 км, Жазық ауылы – 90 км).
 
Жаңесемей ауданының халық саны 20,5 мың адамды құрайды, аумақтың жалпы ауданы – 2 708,32 мың га.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін: халықтың өмір сүру сапасын арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру, халық үшін көрсетілетін қызметтерді алудың барынша қолайлылығы мен қолжетімділігі мәселелері шешілетін болады.
 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *