Абай облысының 2 523 тұрғыны 2024 жылдың қаңтар айында төлқұжат алды
Ағымдағы жылы төлқұжат беру бойынша Мемлекеттік қызметке сұраныстың артуы байқалады. Мәселен, 2023 жылғы қаңтар айындағы көрсеткіштермен салыстырғанда берілген құжаттар саны 524-ке артты.
Естеріңізге сала кетейік, Сіз ХҚКО-да төлқұжат беруге өтініш бере аласыз. Бұл ретте мемлекеттік бажды төлеу қажет болады. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан азаматының төлқұжатын бергені үшін көлемі 36 бет мемлекеттік баж 8 АЕК немесе 29 536 теңге, ал 48 бетке — 12 АЕК немесе 44 304 теңге құрайды. Көлемі 24 бет (16 жасқа дейін) балалар паспортын бергені үшін мемлекеттік баж 4 АЕК немесе 14 768 теңгені құрайды.
Айта кетейік, кейбір азаматтар мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылуы мүмкін. Салық кодексінің 622-бабына сәйкес оларға мыналар жатады:
— Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек ері;
— III дәрежелі Даңқ және III дәрежелі Еңбек Даңқы, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Epi» атақтарымен марапатталған адамдар;
— «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
— Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға жеңілдіктер бойынша теңестірілген басқа мемлекеттердің аумағындағы тыл қимылдарының ардагерлері;
— Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
— 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен марапатталмаған адамдар;
— мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның ата-анасының бірі, мүгедектігі бар бала;
— қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі, балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын балалар; Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.