Семейде көшелерді грейдерлеу жалғасуда
Биыл барлығы 30-дан астам көше асфальттауға дайындалады. Сонымен қатар, көшелерде жол жөндеумен қатар көше жарығы да орнатылуда. Сонымен қатар, көшелерде жол жөндеумен қатар көше жарығы да орнатылуда.
Қала әкімі Бақытжан Байахметов өзінің Instagram парақшасында Пархоменко көшесіндегі жұмыстардың барысы туралы айтып берді. Бұл бірнеше шақырымға созылған өте кең көше.
– Өкінішке орай, көше батпақ пен шұңқырларға толы. Мұнда тұратын адамдардың айтуынша, олардың көшесінде ешқашан жол техникасы жұмыс істемеген және асфальт болмаған. Шұңқырлармен жүру мүмкін болу үшін тұрғындар жылдар бойы өз күшімен шұңқырларды күлмен себуге мәжбүр болды. Бірақ шамалы жел тұрса күлді бүкіл маңайға ұшырып, шанды көтеріп, қосымша қолайсыздықтар туғызды, – деп атап өтті әкім.
Бақытжан Байахметов қазір жағдай жақсы жаққа өзгеруі тиіс екенін атап өтті, өйткені мұнда жолды жөндеп қана қоймай, қосымша – көшенің жарықтандырылмаған бөлігіне жарық орнатылады.
– Мердігер компания “Облшығысжол” қиыршық тас себуді бастады. Осыдан кейін жол құм-қиыршықтас қоспасымен жабылады. Содан кейін топырақ баслғанын күту керек, ал келесі жылы бұл көшеде асфальт пайда болады. Сондай-ақ, жолды жөндеумен қатар, жарықтандыру орнатылатындығын хабарлауға қуаныштымын, – деді қала басшысы.