WhatsApp Image 2021-09-24 at 12.01.26

Семей қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен 8 сервистік компания жеке және заңды тұлғалармен жасалған жеке шарттар негізінде айналысады, онда тараптардың қоқысты шығару төлемі мен шығару кестесі бойынша тиісті міндеттемелері айқындалады.

Бүгінгі таңда бұл кәсіпорындар 1400-ден астам көп пәтерлі тұрғын үйлерге және жеке сектордағы 8500 үйге, сондай-ақ 4284 заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді

Жақында сервистік компаниялардың бірінің ұжымында жанжал шықты, “Семей Тазалық” ЖШС жұмысшылары жалақының төмен деңгейіне сілтеме жасап, жұмысқа шығудан бас тартты. Коммуналдық қызметкерлер қазіргі жағдайды тарифтің төмен деңгейімен түсіндіруге тырысуда.

Коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, қайта өңдеу және көмуге қолданыстағы тариф абаттандырылған үй үшін 190 теңгені, абаттандырылмаған үй үшін айына бір тұрғыннан 346 теңгені құрайды. Заңды тұлғалар үшін тариф 1 ш.м. үшін 1284 теңгені құрайды.

Шынында да, ағымдағы тариф республикада төмен тарифтердің бірі болып табылады. Қала әкімі жаңа тарифтерді жедел есептеу туралы тапсырма берді. ҚТҚ жинақтау нормаларын және ҚТҚ жинау, көму, сұрыптау және жою тарифтерін әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды. 

Тарифтерді әзірлеуде тәжірибесі бар “ЕРАЙ СЕРВИС” ЖШС сараптама ұйымы шақырылды. ҚТҚ жинақтау нормалары мен тарифін бірлесіп әзірлеу үшін Семей қаласының ТКШ және Тұрғын үй инспекциясы бөлімі атынан уәкілетті орган мен қоқыс шығарушы ұйымдар арасында келісімге қол қойылды. Тарифтер мен жинақтау нормаларын 10 желтоқсанға дейін бекіту жоспарлануда.

“Семей Тазалық” ЖШС жанжалға келетін болсақ, бұл жұмыс беруші, яғни ЖШС мен қызметкерлер арасындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілік. Сонымен қатар, ЖШС қала тұрғындарымен жеке шарттар жасасты. Соңғылары ЖШС шарттық міндеттемелерін уақтылы және сапасыз орындағаны үшін құқық қорғау органдарына жүгіне алады.

– Өз кезегінде, біз тұрғындарға аулалар мен іргелес аумақтарда ҚТҚ жиналуын болдырмау мақсатында қоқыс шығаруға тартылған басқа да сервистік компанияларды ұсынуға дайынбыз. Қалай болғанда да, қалада қоқыс коллапсы болмайды, – деп сендірді қала әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Сонымен қатар, Семей қаласының кейбір тұрғындары “Семей Тазалық” ЖШС өзінің тікелей міндеттеріне адал қарамауына байланысты құқық қорғау органдарына және СЭС-ке жүгінуге ниетті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *