ШҚО-да кәсіпкерден ақша талап еткен ҰҚТ мүшесі ұсталды

0
mage 2021-08-25 at 16.12.17

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап шаруа қожалығының иесінен 30 млн теңге көлемінде ақша талап етті.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері бопсалаумен айналысқан ҰҚТ мүшелерінің бірінің құқыққа қайшы әрекеттерінің жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді. Толық ақпаратты ШҚО ПД айтты.

Полиция департаментінің жедел қызметкерлеріне бұған дейін бірнеше рет сотталған облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны ағымдағы жылдың қыркүйек айының басынан бастап фермерден 30 млн теңге қорқытып алмақ болғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Жедел іс-шаралар жүргізу нәтижесінде күдікті ақшалай қаражатты алған сәтте ШҚ аумағында тікелей ұсталды. Тінту барысында оның заңсыз әрекеттерін растайтын заттай дәлелдемелер алынды.

ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынғанын атап өтті. Оның әрекеттері ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі – қорқытып алу бойынша сараланады, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қарастырылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *