Жаңа Қазақстан, ескі әдіс!
Аманат депутаты қала кәсіпкерлері оның өнімдерін сатып алуға МІНДЕТТІ деп мәлімдеді!
Аманатшыл депутат Қуаныш Қасенов облыстық мәслихаттың өткен сессиясында қазіргі заманғы құрылыс материалдарының пайдасы үшін жергілікті өндірістегі кірпішті сатып алудан бас тартып жатқан кәсіпкерлерге шағымданды. Артынша, облыс әкімінен шеттен тасымалдап жатқандарды Семейде өндірілетін Силикат ЖШС-дегі кірпішті сатып алуға мәжбүрлеуді сұрады. Бұл өз кезегінде отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жүзеге асырылмақ!
Елді таңғалдырған мәлімдемеден кейін, жиналған жұрт пен депутаттар одан осы өнімнің құны туралы бірден сұрады. Алайда, халық қалаулысы қымтырлыған бойда жан баласы түсінбейтін жауап берді. Ал біз өз тарапымыздан шағын мониторинг жүргізіп анықтадық:
- Құрылыс саласындағы мамандардың айтуынша, Силикат ЖШС өнімі аспандап кеткен. Яғный 2020 жылдан бері бірден 4 есеге қымбаттаған. Семейдің силикат кірпіші құрылыс нарығында тұрақтылық табалмағанына таңғалатын жағдай емес.
- Семейде силикат кірпіші шамамен бір данасы 165 теңгеден сатылады. Ал бұл Қазақстан нарығында тым жоғары баға. Мысалы, қазіргі уақытта Павлодарлық силикат кірпішінің бір данасы 115 теңгеден саудаланып жатыр. Бұл біздікінен 43.5% – ға арзан. Ал санкцияның құрығына ілінген солтүстік өңірде кірпіштің бір данасы 90 теңге тұрады. Салыстырмалы түрде біздегі кірпіштен 83.3% – ға арзан!
- Ең қызығы, семейлік силикат кірпішті жақтаушы депутаттың кім екенін білесіздер ме? Ол Силикат ЖШС Бас директорының орынбасары болып жұмыс істейді! Қызметін Силикат ЖШС-де 2020 жылдан бастады. Сол мезетте кірпіш бағасы аспанға шарықтай бастады!
Шынында да, халықты сатып алуға мәжбүрлеу арсыздық. Неліктен нарықта бәсекелестікке түсе алмаса, бизнес қажет? Сіз “ең танымал” Аманат партиясынан сайланғандықтан халық үніне құлақ асуыңыз керек емес пе? Қалайша зауыт иелерінің қолдауына ие болып, басқаларды өзіңіз өндіретін өнімді сатып алуға мәжбүрлей аласыз! Бағаны еш қиындықсыз көтеріп, өз халқыңыз бен жұмысшыларыңызды тонау емес пе? Ал “отандық өндірушілерге қамқорлық” туралы айтып, кәдеге жарату алым-салықты жоғарылатуды сұрап отырсыз (Сәлем, СемАЗ!). Егер Сіз “дұрыс” адамдар үшін жұмыс жасасаңыз, ешбір жазасыз таза шығасыз!
Қазір біз Жаңа Қазақстанды құрып жатырмыз ба? Семейдегі Аманат партиясының бастықтары бұған қалай қарайды? Мәслихат депутаттары не дейді? Олар үшін мұндай кадрлар өздерінің жеке, өзімшіл мүдделерін ашық түрде қолдай отырып, халықтың атынан өздерінің сандырақ жоспарларын кәдеге жаратуы мүмкін бе?
Serge Lee Khan