Ойшілік оқушылары 25 желтоқсанда мектебіне кіруі мүмкін

0

Өткен аптада, яғни, 1 желтоқсан күні Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылындағы ата-аналарының жанайқайын негізге алып «Ойшіліктің оқушылары сахнада оқып жүр» деген мақала жариялаған болатынбыз. (Ойшіліктің оқушылары сахнада оқып жүр – ADAL PRESS (adal-press.kz))

Мақала жергілікті атқарушы биліктің де, оқырмандарымыздың да назарын бірден аударып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Желі қолданушыларының тарапынан жазылған пікірлер легі әлі де басылар емес.

Осы орайда adal-press.kz сайтында жарияланған аталған материалға байланысты Абай облыстық білім департаментінің басшысы Нұржан Ахметқалиевтен мән-жайды анықтағанымызда, жолдаған дерегі төмендегідей болды (қаз-қалпында жариялағанды жөн көрдік-авт):

«Тоғас батыр атындағы орта мектеп» КММ  («Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 2021 жылдан аяқталмаған жоба (переходящий проект) жөндеу жұмыстары 70% аяқталды.

            2022 жылдың басында қаражат бөлінген жоқ. Келісім бойынша қаражат қалдығы  65,9 млн. теңге. 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 32 Абай облысының әкімдігі қаулысымен Ақсуат ауданы Ойшілік ауылындағы Тоғас батыр атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін  65,9 млн. теңге бөлініп, ағымдағы жылдың қараша айында отырғызылды.

            Оқушылар саны – 335. 0-1 сыныптарға арналған оқу процесі балабақшада жүзеге асырылуда (62 бала, 4 сынып-жиынтықтар), балабақшаға дейінгі қашықтық 100 м., 2-6 сыныптар үшін ауылдық клуб ғимаратында жүзеге асырылуда (155 бала, 10 сынып-жиынтықтар), қашықтық 300 м, 7-11 сыныптар үшін Құмкөл ауылындағы Сасанби атындағы ОМ тасымалдау жүзеге асырылуда (118 бала, 9 сынып-жиынтықтар), Құмкөл ауылына дейінгі қашықтық 8 км). Мердігер мекеме «Жан-Ерке и К» ЖШС 2022 жылғы 25 желтоқсанға дейін жөндеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр».

Р. С. Жоғарыда Абай облыстық білім департаментінен келген жауапта «Мердігер мекеме «Жан-Ерке и К» ЖШС 2022 жылғы 25 желтоқсанға дейін жөндеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр» делінген. Алдағы уақытта жалпы, Абай облысындағы проблемалық мектептер жайына да оралатын боламыз.        

adal-press.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *