Балалардың отпен ойнауы және оның салдары
16 қыркүйек күні сағат 18-55-те өрт туралы хабарлама келіп түсті.
408 квартал көшесіндегі тұрғын үйде, 5 қабатта орналасқан пәтерде, дәлізде 3 ш.м. алаңда кілем өртенді. Өрт сөндірушілер шақыру орнына келгенге дейін, Бикетов Святослав көрші есікті ашып, 2016 жылғы баланы пәтерден шығарып, өртті сөндірді. Бала жеңіл дәрежелі жану өнімдерімен уланған, ауруханаға жатқызудың қажеті болған жоқ.
Өрттің алдын ала себебі: балалардың отты абайсыз қолдану.
Отты абайсыз қолдану өрттің пайда болуының ең көп тараған себебі болып табылады.
Семей қаласының ТЖ басқармасы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігін еске салады. Өрт қауіпсіздігі шараларын елемеу өте қауіпті.
Семей қ. ТЖБ