ШҚО-да бюджет қаражатын жымқырғаны үшін үш адам сотталды

0

Олар іссапар шығындарын және сыйлықақы төлемдерін өздеріне, сондай-ақ басқа да қызметкерлерге негізсіз төлеген. Сонымен қатар, ауруханалардың бірінің қызметкерлері екі қызметтік көлікті заңсыз есептен шығарған.

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Бесқарағай аудандық сотының үкімімен “Бесқарағай аудандық мұрағаты” КММ бухгалтері П.Т. Аубакированы ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотталып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде хабарлады. Ол өзінің карталық есепшотына аудару арқылы КММ-нің 4 601 194 теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Осы күні ШҚО Катонқарағай ауданының №2 сотының үкімімен “Катонқарағай ауданының №2 аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК-ның екі жұмыскері сотталды.

Бас дәрігер А.Ч. Қадырбаев және бас есепші Г.Н. Жакитова өздеріне де, аурухана қызметкерлеріне де іссапар шығыстарын және сыйлықақы төлемдерін негізсіз есептеу арқылы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұдан басқа, олар КМК-ның 2008 ж/ш УАЗ 39629016 маркалы 2 бірлік қызметтік автокөлік құралдарын заңсыз есептен шығарды.

Оларды ҚР ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігі 1,2,3-тармақтары бойынша ҚР ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігін қолдана отырып айыптады және 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге үкім шығарды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *