Қала әкімі Мұрат кентінің бастамашыл тобымен кездесті

0

Ауыл тұрғындары қаладағы жолаушылар тасымалына қатысты сұрақ қойды. Сонымен қатар оларды саяжай массивін электрмен қамтамасыз ету алаңдатады.

Әкімнің орынбасары Димитрий Гариков бұл мәселе біртіндеп шешіліп жатқанын айтып, қоғамдық көлік жұмысы өзгерістерден кейін жақсара бастады деп сендірді. 

 – Бүгінгі таңда осы ауылға дейін екі бағыт қатынайды – бұл 9 автобус, ол 9 бірлік көлемінде және 48 автобус 5 бірлік көлемінде жүреді. Бағыттарды өзгерту мәселесін біз қайта қарайтын боламыз. Келесі аптадан бастап автобустарды бақылау үшін трекерлер орнатыла бастайды, – деді Димитрий Гариков.

Қазіргі уақытта электрмен жабдықтау мәселесін уәкілетті органдармен пысықталуда. Массив тұрғындары нысанды пайдалануға қабылдау актісін заңсыз тіркеу туралы талап арыз дайындауы керек. Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов заңгер ұсынып, барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетуге уәде берді.

Оған қоса барлық тұрғындарда балаларды мектепке жеткізуге қатысты сұрақтар туындады. Қазірдің өзінде таңертең ауа температурасы өте төмен және балалар автобусты күтіп тонады. Димитрий Гариков тұрғындарға бұл мәселе де қарастырылады деп уәде берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *