Терек мамығын өртеуге болмайды
Кейінгі күндердегі ауа-райының ыстық болуы әртүрлі өрт оқиғаларының шығуына себепші болып тұр. Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы әсіресе терек мамықтарын өртеу өте қауіпті екендігін аса қатты ескертеді,
Балалар терек мамықтарын тұтатып, от жалынының жер бетіне жылдам таралғанын қызықтауға әуес . Алайда, осындай ойын үлкен өрттің туындауына, тіпті адам өліміне әкелуіне себепші болуы әбден мүмкін екенін естеріңізге саламыз. Сонымен қатар, балалар ғана емес, ересектер де өрт қауіпсіздігі мәселесінде жауапсыздық танытуда. Шылым немесе сіріңкені сөндірмеген күйде лақтырып, терек мамықтарының тұтануына себепші болатынына түсінікпен қараса. Терек мамықтары өте жылдам тұтанады, жойқын жылдамдықпен жан-жаққа тарайды, жақын маңдардағы құрылыстарға, авто көліктерге зақым келтіріп, соңы өртке ұласуы мүмкін. Өрт санының артуына себеп болады. Жақын маңда газ құбырлары болса, жағдай тіпті күрделенеді.
Семей қаласы ТЖБ қала тұрғындары мен қонақтарына қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігін ескертеді! Отқа абай болыңыздар!
Өрт шыққан жағдайда “101” және “112” номерлеріне дереу хабарласыңыздар !