Семейлік студент курстық жұмыс сатып алам деп, алаяққа ұрынды

0

Семейлік студент курстық жұмыс сатып алам деп, алаяққа ұрынды

«ANTI-FRAUD» ЖПІШ барысында Семей қ. ПБ Орталық ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын ұстады.
Белгілі болғандай, 22 жастағы студент танымал әлеуметтік желі арқылы курстық жұмыс жасату үшін қаскөйге тапсырыс беріп, 22 000 теңге төлем жасаған, алайда белгіленген күні күдіктімен байланыса алмай, алаяққа тап болғанына көзі жеткен.
Жауап алу барысында күдікті ер адам қолма-қол ақша беріп, кінәсін мойындады. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі уақытта полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 190-бабы 2-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *