Семейде суға батып кеткен ер адамның денесі табылды

0

Семейде 8 тамызда суға батып кеткен ер адамның денесі табылды

2021 жылғы 12 тамызда “112” қызметіне Семей қаласында Ертіс өзенінен өмір белгілері жоқ ер адамның табылғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына келген құтқарушылар денесін жағаға шығарды. Суға батып кеткен адам танылды, ол  2021жылғы  8 тамызда жоғалған, 1991 жылы туған ер адам болып шықты. Белгілі болғандай, ол достарымен бірге өзен жағасында демалды, бірақ жоғалып кетті. Жеке заттар жағадан табылды. ШҚО ТЖД 7-ші құтқару бөлімшесінің қызметкерлері денесі табылғанша дейін бірнеше күн бойы іздеу жұмыстарын және жағалау сызығын тексеруді жалғастырды.

Семей қ. ТЖБ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Әр адам судағы мінез-құлық ережелерін білуі керек, атап айтқанда:

– тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде шомылмаңыз;

– егер сіз балалармен су айдынында болсаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балалардың суға ересектерсіз кіруіне жол бермеңіз;

– жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан жүзбеңіз;

– қайықпен жүру кезінде қауіпсіздік күртешелерді қолданыңыз;

– қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз;

– тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіз;

– техникалық және ескерту белгілеріне, буйкаларға көтерілмеңіз;

– тәуліктің қараңғы уақытында шомылмаңыз және суға кірмеңіз;

– суға алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде кірмеңіз.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *