Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына теориялық емтиханды №3 ХҚКО қабылдайды
18 наурыздан бастап «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметі бойынша теориялық емтихан Папанин к-сі 34А мекенжайы бойынша қабылданады. Естеріңізге сала кетсек, бұрын теориялық емтиханды Момышұлы көш. 22 мекенжайы бойынша қабылдайтын.
Өтініш беру үшін қызмет алушының өзімен бірге келесі құжаттары болуы шарт:
– Кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы Диплом немесе шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды аяқтағаны туралы куәлік (анықтама);
– №073 нысан бойынша Медициналық анықтама;
– 2,5 x 3,5 см екі фотосурет;
– Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде қызмет алушыға құжаттың дайындығы туралы SMS-хабарлама келеді. Дайын құжатты ХҚКО – дан алуға болады.