ШҚО-дағы ЖШС бірінің қызметкері құрамында алтын бар кенді ұрламақ болды

0

ШҚО-да құрамында алтыны бар кенді ұрлауға тырысқан ЖШС қызметкері ұсталды.

Алтай қаласының ПБ “102” жедел арнасына ЖШС-нің бірінің қауіпсіздік қызметінің бастығынан байыту фабрикасының бас корпусында ұнтақтау учаскесіндегі өнеркәсіптік алаңда құрамында алтыны бар өнеркәсіптік өнімді ұрлауға тырысқан қызметкер ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, ЖШС-нің 28 жастағы қызметкері қайта өңдеу өнімінен брикет дайындап, ЖШС ғимаратынан алып шығуды жоспарлаған. Брикеттің жалпы салмағы 42 кг 320 гр. құрады. Материалдық шығын 2 631 058 теңгені құрады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *