Семейде бұзылған жолдар саны азаюда
Бақытжан Байахметов қаланың сол жағалауындағы жол жабынын жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Атап айтқанда, Молдағалиев көшесіне ауысумен жөнделіп жатқан Сорокин көшесіне барды.
Сорокин көшесіндегі учаскедегі мердігер ұйымның өкілі қала әкіміне атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.
– Сорокин көшесінен автокөлік көпіріне дейінгі учаске орташа жөндеумен толық қамтылады. Сонымен қатар Дальний ауданындағы Белібаев көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл жұмыстар 15 қазанға дейін аяқталады. Сонымен қатар, Восход кентіндегі Өскемен көшесі жөнделеді, – деді Нұржан Бахаев
Ол тамыз айында Әуезов даңғылы мен оған іргелес жатқан Тарбағатай және Ертіс, Крестьянская көшелері бойынша жұмыстар аяқталғанын атап өтті. Сондай-ақ Дулатов көшесіндегі жол жабынына жөндеу жүргізілді.
Оның айтуынша, жол жамылғысын жөндеу күндіз, қозғалыс қарқындылығы жоғары болған кезде емес, кешке және түнде жүргізген дұрыс. Бұл жағдайда жөндеу сапасы жоғары болады.
Барлық жөндеу жұмыстарын 15 қазанға дейін аяқтау жоспарланып отыр.