Семейде тұрғын үйден өрт шықты

0

Құтқарушылар бір әйел адамды эвакуациялады.

10 қыркүйек күні сағат 13:31-де Восточный правый көшесіндегі үйдегі өрт туралы ақпарат келіп түсті. Құтқарушылар келгенге дейін үй тұрғындары  пәтерлерінен өз бетінше шығып үлгерген. Өрт сөндірушілер шақыру орнына келгеннен кейін зал үй-жайында жалпы ауданы 5 ш.м. диван өртенді. Құтқарушылар бір әйелді эвакуациялады. Сондай-ақ, сыйымдылығы 27 литр болатын 1 газ баллоны табылды және шығарылды.

Өрттің алдын-ала себебі: электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *