Семейде жеке тұрғын үй өртенді
Семейде үй иесіне қатысты өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылады.
10 тамызда 1-су кентінде, жеке тұрғын үй өртенді. Жалпы ауданы 28 ш.м. төбелік қаптаманың ағаш конструкциялары, терезе ойықтары, жиһаз, жеке заттар мен тұрмыстық техника өртенді. Үй иесіне қатысты ҚР ӘҚБ туралы ҚРК 410-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылатын болады.
Семей қаласының ТЖ басқармасы тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын еске салады:
– электр желісіне қосылған тұрмыстық электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз;
– электр құрылғыларын өндіруші зауыттардың пайдалану нұсқауларының талаптарына сәйкес пайдаланыңыз;
– электр сымдарының ақаулығын қадағалаңыз, зақымдалған электр құрылғыларын, электр розеткаларын пайдаланбаңыз;
– бір электр розеткасына бір уақытта электр желісін шамадан тыс жүктейтін бірнеше қуатты электр тұтынушыларын қоспаңыз;
– қорғаныс плафондары алынған электр шырақтарын пайдаланбаңыз;
– үй-жайда ашық от көздерін (шырақ, сіріңке және т.б.) пайдаланбаңыз.