Біздің арамыздағы батырлар!

0

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен өртте баланы құтқару кезінде батылдық танытқаны үшін марапатқа біздің заманымыздың батыры – Святослав Бикетов ұсынылды.

Оқиға ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде 5 қабатты үйдің пәтерлерінің бірінде болған. Көрші жерде тұратын Святослав Бикетов өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 2016 жылы туған баланы пәтерден шығарып, өртті сөндірді.

Семей қ. ТЖБ бастығы Талғат Дүйсебаев көрсеткен батылдығы үшін жылы тілектермен және ризашылықпен өз қолымен алғыс хат табыс етті.

Семей қ. ТЖБ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *